Ауылдағы аудармашы

112

0

«AMANAT» партиясының «Кітап – AMANAT» партиялық жобасы аясында Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, аудармашы Бақтияр Мырзашпен кездесу өтті. Іс-шараны партияның Сырдария аудандық филиалы мен аудандық кітапхана кітапханашылары бірлесе ұйымдастырды.

Кездесуді «AMANAT» пар­тиясы Сырдария аудандық филиалының атқарушы хат­шы­сы, депутаттық фракция же­текшісі Ақтөре Ибрагимұлы жүргізді. Алдымен кеш қонақ­тары аудармашының өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін кітап көрмесімен танысты. Кітапханашы Жа­нар Оразымбетова көрме­ге қо­йылған автордың кі­тап­тары мен басылымдарда жа­рия­лан­ған мақалалары ту­ралы кеңінен айтып өтті. Әрі қарай іс-шара кітапхананың оқыр­мандарға арналған үлкен залында ау­дар­машымен кез­десумен жал­ғасты.

– Ең алдымен, Бақтияр Мыр­заш ағамызға және бұл кісінің шығармашылығын құр­мет тұтатын, аударма са­ла­сын­дағы еңбегін жоғары ба­­ғалайтын бүгінгі кештің қа­ты­сушыларына шақыруы­мыз­ды қабыл алып, кел­гені үшін шынайы риза­шылы­ғымызды білдіреміз. Бүгін біз Қазақстан Журналистер ода­ғының мүшесі, аудармашы Бақ­тияр Мырзаш ағамызды жаңа қырынан танып-біліп, шы­ғармашылығы жөнінде шы­найы әңгіме өрбітсек, ашық-жар­қын әңгіме-дүкен құр­­сақ, сыр­­ласып, сұхбат­тас­сақ, көңіл­дегі көркем ойды кес­теле­сек, жалпы ағамыз­ды оқыр­мандары­мен жүз­дес­­тірсек деп мақсат етіп отырмыз. Ендеше, осы іс-шара­ның өтуіне ұйытқы болған аудан­­дық кітапхананың кітап­ха­­на­шы­ларына алғыс ай­т­амын. Біз ақыл­даса келе кез­десу кешінің атауын «Ауылдан шыққан аудар­машы» деп қой­дық.

Ауыл – қазақылықтың қай­мағы бұзылмаған құт қонып, бақ дарыған мекен. Дара да­рын иелерінің бәрі дерлік ауыл­дан шықты. Ауылдан шы­ғып алты Алашқа танылған аза­маттардың санына жете ал­масымыз анық. Сол шоқ­тығы биік азаматтардың сапы­на біздің бүгінгі кейіп­керіміз Бақтияр Мырзаш ағамызды да қосуға болады, – деді Ақтөре Ибрагимұлы.

Бақтияр Мырзаш 1951 жы­лы Тереңөзек ауданы С.Сей­фуллин ауылында дүниеге кел­ген. 1969 жылы Алматы­дағы Байланыс училищесін бі­­тіріп, жаңадан құралған С.Сей­­фуллин совхозында элект­­рик болып жұмыс істеді. Кейін денсаулығына бай­ла­нысты жұмыстан босап, ұзақ жыл клуб меңгерушісі бол­ды. Аударма жұмысымен ай­­на­лысып, жазған дүниелері рес­пуб­ликалық, облыстық, ау­дандық баспа беттерінде жа­рия­ланып жүр. Қазір зейнетте. Екі қыз, екі ұл өсіріп, немере сүйіп отыр.

Кездесу барысында қалам­герге бала күнгі арманынан бас­тап қызығушылықтары, өмір жолы мен еңбек жолын­да­ғы қызықты шақтары, ұс­таз­дары, әдеби өмірдегі ізде­ністері және аударма еңбектері тура­лы сұрақтар қойылды. Н.Ілиясов ауылы­ның кі­­тап­ханашысы Сәуле Най­за­тае­ва мен Т.Қозы­баев атын­дағы №131 орта мектебінің мұ­ғалімі Гүлжанар Әбілова ау­дар­ма­шының еңбектерінен үзін­ді оқыды. Сондай-ақ ай­тыс­кер ақын Мұхамеджан Ман­сұров арнау жыр айтып, көп­шіліктің алғысына бөленді.

Кездесу соңында кеш иесі іс-шараны ұйымдастырушыларға алғысын айтып, оқырмандарға ризашылығын білдірді. Сон­дай-ақ алдағы шығармашылық жоспарын бөлісті.

«СБ» ақпарат