Байқоңырда Қазалының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

173

0

Фото: Қазалы ауданы

Байқоңыр қаласында дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Қала орталығында өткізілген жәрмеңкеге Қазалы ауданының тауар өндірушілері қатысты. Сатылымға шығарылған өнімдер нарықтағыдан 15-20 пайызға арзан бағада саудаланды.

Қала тұрғындары мен қонақтары үшін ауданның 30-ға жуық кәсіпкерлері 40 тоннадай өз өнімдерін ұсынды. Атап айтқанда, 3 тонна сыр маржаны, «РЗА-Сүт» ЖШС-нің 1,5 тонна сүт өнімдері, 1,5 тонна балық өнімдері, 25 тонна бақша дақылдары мен картоп, көкөністер болды. Сонымен қатар, Қазалының брендіне айналған «Қазалы кәмпиті» мен «Қазалы сабыны» ұсынылды.

Таңсәріден басталған сауда сағат санап қыза түсті. Жергілікті өнімді сұраушылардың қарасы қалың болды.

Сондай-ақ, Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы Константин Дмитриевич Бусыгин жәрмеңкеге келіп, қазалылықтарға рақметін жеткізді.

Қазалы ауданының әкімдігі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<