Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруда сақталатын  санитариялық-гигиеналық талаптар

243

0

ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а 2022 жылғы 10 тамыздағы №78 «Балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы бұйрығы бойынша балалардың дені сау, жан-жақты жетілген азамат болып қалыптасуы үшін оқушылардың жазғы сауықтыру лагерлеріне арнайы санитариялық талаптар қойылады.

Жазғы сауықтыру маусымының ашылуы алдында жөндеу-қалпына келтіру және профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылады.  Оқушылардың  жатын үйлерді жөндеу жұмыстары, инженерлік желілердің, желдету, ауа баптау жүйелерінің жұмыс істеу тиімділігін тексеру, ауыз суын зерттей отырып, сумен жабдықтау желілері мен құрылыстарын профилактикалық жуу және дезинфекциялау, аумақты тазарту және аббаттандыру, профилактикалық дезинфекциялық, дезинсекциялық, дератизациялық іс-шаралар жәнеобъектілерде ағымдағы жөндеу жүргізіледі.

Объектіні пайдалану кезінде аумағында бұзылмаған қоршауы болуы тиіс. Тығыз жабылатын қақпақтармен жабдықталған қоқыс жинағыштар шаруашылық аймақтағы үш жағынан қоршалған, тазалауға және дезинфекциялауға жеңіл су өткізбейтін жабыны бар алаңға орнатылады.

Объектілерде орталықтандырылған шаруашылық-ауыз су, ыстық сумен жабдықтау, су бұру, жылумен жабдықтау жарамды жағдайда көзделеді және ауыз су режимі ұйымдастырылуы тиіс. Суға арналған кулер (диспенсер) өндірушінің нұсқаулығына сәйкес тұрақты түрде тазартылады. Су ішу үшін таза ыдысты (бір рет қолданылатын стақандар) пайдаланады. Қайнатылған ауыз суды үш сағаттан асырмай сақтаған жағдайда пайдалануға болады.

Лагерде болатын барлық уақыты ішінде олардың ауыз суға еркін қолжетімділігі қамтамасыз етіледі. Барлық үй-жайларда ашылатын терезелер, фрамугалар арқылы табиғи желдету көзделеді. Лагердің жатын үй-жайлары қоршалатын қатты төсегі бар бір немесе екі қабатты кереуеттермен, кереует жанындағы тумбалармен, киімге арналған шкафтармен жабдықталады. Төсек жабдықтарын, сүлгiлердi ауыстыру ластануына қарай, бiрақ күнтізбелік жеті күнде бiр реттен сиретпей және тұратындар кеткеннен кейін жүргiзiледi. Жиһаз, жұмсақ, қатты мүкәммал, жабдық жұмыс жағдайында болады және уақтылы жөнделуге немесе ауыстырылуға жатады.

Тамақтанудың іс жүзіндегі рационы бекітілген перспективтік ас мәзіріне сәйкес келуі керек. Тез бұзылатын тамақ өнімдерін сақтау температурасы төмен тоңазытқыш камераларында және тоңазытқыштарда жүзеге асырылады. Температураны бақылау үшін термометрлер орнатылады. Күн сайын тамақтанатын балалардың саны, жасына байланысты граммен берілген дайын тағам порциясының массасы, сондай-ақ әрбір тағам бойынша өнімдер шығысы («брутто» салмағында) көрсетіле отырып, әрбір тамақтануға тағамдар тізбесі көрсетілетін тарату-ас мәзірі жасалады және ілінеді.

Объектінің жауапты тұлғалары ас блогына келіп түскен өнімдердің сапасын, өнімдерді сақтау және өткізу мерзімдерінің сақталу шарттарын, тәуліктік сынаманы алу мен сақтаудың дұрыстығын, тағам дайындау технологиясының сақталуын, персоналдың және асхана кезекшісінің жеке гигиена қағидаларын сақтауын бақылауды жүзеге асырады. Күн сайын ас блогында дайын өнімнің тәуліктік сынамасы алынады. Лагерде қызмет көрсететін персонал және ас блогы жұмыскерлері медициналық тексеріп-қараудан және гигиеналық оқытудан өтуі қажет.

Ұ.НҰРБАЕВА,

Сырдария аудандық СЭБ басқармасының

санитариялық-гигиеналық бақылау,

техникалық регламенттер талаптарының

сақталуын бақылау бөлімінің бас маманы