«Балаларымды балабақшаға апарып, уақыт құртқым келмейді»: Блогер Дархан Жолшыбеков ер мен әйелдің қарым-қатынасын айтты

550

0

Фото: https://www.instagram.com/darhanzholshybekov/

Танымал блогер Дархан Жолшыбеков ер мен әйелдің қарым-қатынасын айтамын деп дауға қалды. Бұл туралы Syrboyi.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Желі жұлдызы «Сыр» подкастында сұхбат беріп, жеке көзқарасын білдірді.

«Әйел адамның ер адамды аңдуы, оның қайда екенін білуі дұрыс емес. Әйел еркектен сұранбауы керек. Еркек адам әйелді ешқашан тыңдамаған. Мен үйімді ойнатқанда Дариғадан сұраған жоқпын. «Мен үйді ойнатамын» дедім. Болды. Ер адам әйелден мүлдем ештеңені сұрамауы керек. Кім ол сұранатын? Одан да қадалсын, көрсін. Есесіне, тәжірибе жинайды», – деді ол.

Сондай-ақ блогер үй тірлігіне де араласпайтынын жасырмады. Жағдайы келсе адам жалдау керегін алға тартты. 

«Мен тіпті баламды балабақшаға да апарып, уақыт құртқым келмейді. Оған жұмсаған уақытта ақша тапқаным жақсы. Сол жұмысты істейтін адамды жалдай салғаным оңай. Содан кейін әйелім маған мүлдем үйдің тірліктерін айтпайды. Оны да істейтін адам бар. Не үшін мен ол нәрселерге күйіп пісуім керек», – деген пікір айтты блогер.

Еске салайық, желі жұлдызы некесіз туған қызына үй мен көлік сыйлағанын жазған едік.