Баланың қуанғаны – бір бақыт

187

0

Фото: Ақмешіт Сырдария

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Сыр мешіттерінде мерекелік шаралар өтті.

Игі шаралардың біріне тоқталар болсақ, Қызылорда қаласы мешіттерінің қызметкерлері «Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиеленушілерін ойын-сауық орталығында мейман етіп, сыйлықтармен қуантты.

Сондай-ақ имамдар мен жомарт жандар қала маңындағы Талсуат ауылында орналасқан «Ақыл-есі кем балаларға арналған» интернат үйінің бүлдіршіндерін аниматорлармен бірге құттықтап, көңілді кеш ұйымдастырды.

Осындай шаралар аудан орталықтарында да жалғасын тауып, дін қызметкерлері облыс бойынша 600-ге жуық балаға қуаныш сыйлады.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі