28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай аудандық мәжіліс залында салтанатты қабылдау өтті. Аудан әкімі Айтбай Жандарбеков бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен сала ардагерлерін арнайы қабылдап, кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтады.
Өз сөзінде аудан басшысы журналистиканың қоғамдағы маңызына тоқталып, бұл салада еңбек ету зор жауапкершілік пен адалдықты қажет ететінін атап өтті.
«Журналист – тек ақпарат таратушы емес, қоғам мен билік арасындағы алтын көпір, қоғамдық пікір қалыптастыратын үлкен күш» – деді Айтбай Насриддинұлы
Құттықтау лебіздерін аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өркен Исмаилов пен аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Найла Палымбет те білдіріп, ақпарат саласында еңбек етіп жүрген қаламгерлерге жүрекжарды алғысын білдірді.
Кездесу барысында БАҚ саласында сүбелі еңбек етіп жүрген бірқатар журналистерге аудан әкімінің Алғыс хаттары табысталып, шығармашылық табыс пен шабыт тіленді.
Шара соңы аудан өнерпаздарының ән-жырына ұласып, саланың дамуына үлес қосқан қаламгерлерге ерекше көңіл-күй сыйлады.
Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі






