Бақылау-қадағалау органдары бизнес өкілдеріне есеп берді

367

0

Фото: Атамекен кәсіпкерлік палатасы

Кәсіпкерлік кодексінің 131-1 бабына сәйкес, бүгін облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешевтің төрағалығымен бақылау және қадағалау органдарының бизнес-қауымдастық алдындағы жыл сайынғы бірыңғай есеп беру күні өтті.

Басты мақсаты – кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылын жақсарту, заңнама талаптарын бұзудың алдын алу, сондай-ақ кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру.

Маңызды шараға құқық қорғау органдары, мемлекеттік бақылау мен қадағалау органдары, жергілікті әкімдіктер, сондай-ақ бизнес өкілдері мен «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы қатысты.

Сонымен қатар, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, төтенше жағдайлар, экология, өнеркәсіптік қауіпсіздік департаменттерімен қатар, облыстық бақылау жөніндегі басқарма басшыларының 2024 жылдың 8 айындағы есебі тыңдалды.

Биыл 8 айда мемлекеттік органдармен кәсіпкерлік субъектілеріне 1311 таксеру тағайындалып, нәтижесінде 894 заң бұзушылықтар орын алған. Сонымен қатар, бизнеске 4 заңсыз тексерулер тағайындалып, 98 профилактикалық бақылау жүргізілген.

Есеп беру барысында бизнес өкілдері білім беру саласында мектептегі тамақтану, фармацевтика саласындағы мәселелерге баса мән беріп, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірге өз ұсыныстарын білдірді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<