БАҚЫТ БЕСІГІНДЕГІ ОТБАСЫ

457

0

Үйінен кісі аяғы арылмайтын бұл шаңыраққа шаттық ұялаған. Сонау тәуелсіздік алған жылдары отбасын құрған екі жас Абай Биболұлы мен Шаһаризаданың ауласында тай-құлындай тебіскен балдырғандарға қарап, көңілің марқайып қалады. Сырдария ауданына қарасты Қоғалыкөл ауылында еңбекпен өскен осы отбасына қызыға қарайтындар көп.

– Таяуда ғана Елбасы көпбалалы аналарға жіті көңіл бөлінетінін жеткізді. Бұл бастамаға қуанып қал­дық. «Бір қозы туса, бір түп жусан артық шығады» деген қазақпыз. Әр баланың өзінің несібесі болатынына да сенген елміз. Міне, Президент пәрмені біздің осы сенімімізді нығайтты, – деді жеті балалы ана.

Балаларының үлкені өз алдына үй болған. Кішілері шаңырақтың сәніне ­айналды. Ауыл іргесіне қоныс тепкен әулеттің балалары әдеп­тіліктен асқан жоқ.

– Таңертең жұмысқа, кеш қайта үйге асық­қа­ның­ның өзі бақыт емес пе?! Ба­ла­­ларымның бәрі кіш­кен­тайынан мені жан-жақтан құшақтап жатып ұйықтайтын. Мен үшін де одан асқан ләззат жоқ. «Табал­дырықтан биік тау жоқ» деп қазақ атам айт­қандай, мен босағамнан ене сала ерекше күйге бөле­немін, – деді отағасы Абай Биболұлы.

Жеті баланы жет­кі­земін деп уайым-сар­саңға салынған емес. Тұң­ғыш­та­рын өзімен ерте жүріп, еңбекке баулыды. Қай баласы болмасын, өзінен ұзап кетпеді, туған жерге туын тікті. Үлкенді сыйлап, ізет көрсетуді әдетке айналдырған.

– Бастысы – адами құн­ды­лық. Ұлы Абайдың өзі кейінгі ұрпаққа ғибратының әлқиссасын «Адам болам десеңіз…» деп бастамап па еді?! Әрбір үйдегі перзент – елдің болашағы. Сондықтан сол болашақтың нұрлы болуына өзіміз себепкер боламыз, – деген Абай Би­бол­ұлы ауылдағы ағеден елдің адами болмысына тоқталды.

Тоқтаусыз тіршілік ағы­нында баланы өмірге әкелу бар да, оны тәрбиелеу өз алдына. Жеті баланың анасы атанған Шаһаризада бере­келі шаңырақтың отанасы ретінде «Осы ұлы ха­лықтың ұрпағын көбейтіп жат­қа­нымды мақтан етемін» деді.

Дәулет ҚЫРДАН.

Сырдария ауданы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<