Белгісіз вирус тарап жатыр: Петропавл тұрғындары дабыл қақты

330

0

Фото: Zakon.kz

Петропавл тұрғындары қалада белгісіз вирус барын хабарлап, дабыл қағып отыр. Олардың айтуынша, өңірдегі азаматтар қалыпты тұмау белгілерінің симптомдарын байқаса да, одан жазылу оңай болмай жатқанға ұқсайды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бұл тұста дәрігерлер де өңірде жіті респираторлық вирустық инфекциялардың асқынған түрі күрт өсті деп отыр. Мәселен, соңғы аптада ақ халаттыларға жүгінген 3,5 мың адам тіркеуге алыныпты.

«Күніне шамамен 40 науқас қабылдап жатырмыз. Оның кем дегенде 35-і осы жіті респираторлық вирустық инфекциялық тұмаумен түскен. Бәрінің жөтелі екі аптаға созылған, жағдай шиеленісіп тұр. Азаматтарға барынша сақ болу керек, себебі бұл сырқат иммун жүйесін тым әлсіретіп жібереді», – дейді дәрігер Ақниет Сағынтай.

«Эпидемиялық маусым басталғалы, яғни 2023-2024 жылдары 135 мыңнан астам науқас ЖРВИ жіті респираторлық вирустық инфекциямен тіркелген. Сонымен қатар 74 адам тұмаумен түскен. Айта кету керек, науқастардың дені тұмауға қарсы екпе алмаған. Қазір тиісті ем-шараларды қолданып жатырмыз, десе де, абай болу керек», – деді Санитарлық-эпидемиологиялық департаменттің басшысы Салтанат Бекқожина.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<