Белсенді тілшілер марапатталды

347

0

Фото: «Орталық» бастауыш партия ұйымы

28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің мерекесі қарсаңында партияның қалалық филиалының «Орталық» бастауыш партия ұйымына қарасты «Сыр медиа» ЖШС-нің белсенді тілшілері марапатталды.

Партияның қалалық филиалының атқарған шаралары мен партиялық жобалардың, бағдарламалардың іске асуы турасында қалам тербейтін тілшілер қауымының еңбегі ерен.

Басқосуда «Орталық» бастауыш партия ұйымының төрағасы Марат Аралбаев:

– Қай істе болмасын тілшілер қауымының еңбегі орасан. Сондықтан, кәсіби мереке қарсаңында сіздерге түрлі деңгейдегі марапат табысталуда. Оның ішінде «AMANAT» партиясының да жылы лебізі бар. Алдағы уақытта партия жаңалықтарын ақпарат құралдары бетіне жариялап, атқарылған жұмыстарды оқырмандарға тұрақты түрде жеткізіп отырады деген ойдамын. Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын, – деді.

Жиында белсенді тілшілерге партияның қалалық филиалының атынан Алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<