Аудан әкімінің орынбасары Арнұр Нұрмағанбетовтың төрағалығымен мәжіліс отырысы өтті. Күн тәртібінде алдымен, ауданда білім сапасын арттыру мақсатындағы жұмыстар қаралды.
Қазіргі таңда, Жалағаш ауданының білім саласында бір қатар жұмыстар атқарылуда. Аудан бойынша барлық мектептер 100% турникет, бейнебақылау камералары және интернетпен қамтамасыз етілген.
Сонымен қатар, Бұқарбай батыр ауылындағы №33 орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл бағытта «Ауыл ел бесігі» жобасы аясында 428,9 млн. теңге қаржы бөлінді. Сондай-ақ, Таң ауылындағы №118 орта мектеп аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Осы мақсатта облыстық бюджеттен 78,0 млн. теңге қаржы бағытталды.
«Ауылдық аймақтардағы тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы аясында Жалағаш кентінде орналасқан №201 мектеп-лицейге «Қазақстан халқына» қоры есебінен 250 млн. теңге қаржы бөлініп, материалдық-техникалық базасын жаңарту және педагогтарды оқыту жұмыстары жасалды. Мектептердің материалдық-техникалық базасын жарақтандыруға биылғы жылы модернизация жаңғырту жұмыстарына 2024 жылы 4 мектеп енгізіліп, бұл мақсатта 983 млн теңге қаралып, тиісті заттар алынды.
Аудан бойынша білім деңгейі жоғары болу негізінде ауқымды бастамалар жалғасатын болады.
Сонымен қатар, күн тәртібіне сәйкес Жалағаш ауданы бойынша мешіттердің құжатын рәсемдеу үшін Жалағаш кенті және ауылдық округ әкімдеріне, жауапты сала басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.
Жыл соңы жақындағандықтан Жалағаш кенті мен ауылдық округтердегі құрылыс нысандарын уақытылы және сапалы ел игілігіне табыстау үшін, бақылау жұмыстарын тұрақты жүргізу тапсырылды.
Жалағаш ауданы әкімдігі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<