Білім ұйымдарының құрылысы қарқынды жүруде

585

0

Фото: Қалалық білім бөлімі

Бүгін облыстық білім басқармасының басшысы Есжанов Асқарбек Темірбекұлы мен білім бөлімінің басшысы Жанат Мылтықбайқызы қаладағы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан №211, №212, №217, №222, №253 мектептердегі құрылыс жұмыстарын бақылады.

Басқарма басшысы А.Байтұрсынов атындағы №211 орта мектебінің күрделі жөндеу жұмысынан бастады. 1989 жылы қолданысқа берілген білім ордасының сыртқы әрлеу жұмыстары, ауыз су, кәріз жүйесі мен жылу жүйесі құбырлары тозып, есік-терезесі ескірген. Жөндеу жұмыстарын жүргізуші мердігер «Орион LTD» ЖШС. Бұл мекеме №212, №222, №253 мектептергеде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуде.

Нысанды аралап көрген Асқарбек Темірбекұлы құрылыс сапасына мән беру керегін айтты.

№212 мектеп – гимназиясы 1968 жылы қолданысқа берілген. 760 оқушыға арналған білім ордасы бойынша 2021 жылы смета жасалынып, 2024 жылдың 26 мамырынан бастап күрделі жөндеу жүргізуде.

Ал, 1990 жылы ашылған Т. Рысқұлов атындағы №222, №253 орта мектептерінде биылғы жылы алғаш рет күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Б.Шалғынбаев атындағы №217 мектепке 1970 жылдан бері енді күрделі жөндеу жүріп жатыр. Жөндеу жұмыстарын жүргізуші мердігер «Промстройсервис Е» ЖШС.

Басқарма басшысы жөндеу жұмыстары уақытылы аяқталып, білім ордасы жаңа оқу жылына дейін сақадай сай болуын тапсырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<