Бірлескен жұмыстың берері көп

147

0

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен мемлекеттік органдардың нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл қызметін үйлестіру жөніндегі республикалық штаб отырысы өтті. Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режим арқылы қатысты.

Аймақта нашақорлық пен есірткі қылмысына қарсы күрес жүйелі жолға қойылған. 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар аясында облыс әкімдігі құқық қорғау органдарымен бірлесіп, алдын алу шараларын мақсатты түрде жүзеге асырды. Өткен 9 айда облыста есірткіге қатысты 237 құқықбұзушылық анықталды.

Соңғы үш жылда полиция органда­рының материалдық-техникалық базасын нығайтуға облыстық бюджеттен 10 млрд 745 млн теңге бөлінді. Биыл осы мақсатқа 4 млрд 143 млн теңге қарас­тырылып, заманауи құрал-жабдық­тар­мен қамтамасыз еті­лу­де. Барлық ауданда жедел басқару ор­талықтары ашылып, 539 бей­неба­қылау камерасы орнатылды. Нашақорлық пен есірткіге қарсы іс-ша­раларға 181 млн теңге бөлінді. «Қа­ра­сора-2025» ак­циясы барысында 58 есірткі өсіру фактісі анықталды. «Кибер­қадағалау» жү­йесі арқылы 1120 сайттың қызметі тоқ­татылып, шамамен 80 граффити жа­зулары жойылды. Екінші деңгейлі банктердегі 842 есепшот бо­йынша 85 млн теңге бұғатталды.

Жастармен жұмысқа, оның ішінде 36 әлеуметтік жобаға 312 млн теңге, сондай-ақ жастар орталықтарының ақ­параттық шығындарына 592 млн теңге қаралды. Бұл қаржы жастар бастамала­рын қолдауға және нашақорлықтың ал­дын алуға бағытталған. Жыл басынан бері 700-ден астам іс-шара ұйымдас­тырылып, 80 мыңнан астам оқушы, студент пен ата-ана қамтылды. Сонымен қатар, сауалнама жүргізіліп, 530 бала мектепішілік бақылауға алынды.

Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 200-ге жуық материал жария­ланып, әлеуметтік желілерде бейнероликтер көрсетілді. 22 мыңнан астам ата-анаға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 3400-ге жуық жас түрлі іс-шараларға тартылды. Нашақорлықтың алдын алу мақсатында салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығына 1,9 млн теңге бөлініп, 52 шара ұйымдастырылып, 2400-ден астам ақпараттық материал тара­­тылды.

Аталған шаралардың нәтижесінде өткен 9 айда нашақорлықпен есепте тұр­ғандардың саны 39%, ал диспан­серлік есепте тұрғандар саны 8,6% төмендеді. Аймақ басшысы құқық қорғау органдарымен бірлескен жұмысты одан әрі күшейту, алдын алу шараларына асқан жауапкершілікпен қарау міндетін жүк­теді.