Елімізде өткен жалпыұлттық референдум халықтың болашаққа бейжай еместігін, мемлекет тағдырына ортақ жауапкершілікпен қарайтынын айқын аңғартқан маңызды саяси кезең болды. Бұл ауқымды науқан азаматтардың бірлігі мен ынтымағын, ортақ мақсат жолындағы ұйысуын көрсеткен тағылымды оқиға ретінде тарихта өз орнын алды.
Аталған саяси науқанда Қызылорда облысының тұрғындары да белсенділік танытып, ел дамуына қатысты өз таңдауларын айқын білдірді. Жұртшылықтың жоғары ұйымшылдығы мен азаматтық белсенділігі өңірдегі қоғамдық келісім мен тұрақтылықтың берік екендігін дәлелдеді.
Референдумға облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелері де белсене атсалысып, өмірлік тәжірибесі мен парасат-пайымын ортаға салды. Қоғамда сый-құрметке ие аға буын өкілдерінің салмақты пікірі мен өнегелі ұстанымы жас ұрпаққа бағыт-бағдар беріп, ел бірлігін нығайтуға ықпал етті.
Маңызды науқанға белсенді қатысқан ардагерлердің еңбегі еленіп, «Достық үйінің» мәжіліс залында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Дүйсенбаевтың Алғыс хатымен марапатталды. Бұл – ел игілігі жолындағы адал еңбектің лайықты бағалануының көрінісі.
Бірлік пен татулықты ту еткен елдің ғана еңсесі биік, келешегі кемел болмақ. Осындай маңызды сәттерде халықтың ауызбірлігі мен өзара сенімі мемлекетіміздің жарқын болашағына берік негіз қалайды. Тәуелсіз еліміздің тұғыры нық, берекесі баянды болсын!
«СБ» ақпарат





