Бірқатар мәселе қаралды

120

0

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Күн тәртібінде геология және жер қойнауын пайдалану саласын дамыту, цифрландыру, халықты дәрі-дәрмекпен, медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режим арқылы қатысты.

Өңірде тұрғындарды дә­рілік заттармен және ме­ди­циналық бұйымдармен қам­­тамасыз ету бағытында Ден­саулық сақтау ми­нистр­лігінің бұйрығына сәйкес жүйелі жұмыс жүргізілуде. Бөлінетін қаражат көлемі жыл сайын артып келеді. Мәселен, республикалық бюджет есе­бінен бөлінген қаржы 2022 жылмен салыс­тырғанда 1 млрд 800 млн теңгеге өсіп, биыл 9 млрд 300 млн теңгеге жетті.

Медициналық ұйымдарға «СК-Фармация» серіктестігі арқылы 9 млрд 200 млн теңгеге дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар жет­кізілді. Өткен 10 айдың ішінде 140 мыңнан астам пациентке 545 мың рецепт жазылып, тегін дәрі берілген. Жыл соңына дейін тағы 255 млн теңгеге дәрілік заттар жеткізу жоспары бар.

Мұнай-газ саласы өңір­дің әлеуметтік-эконо­ми­ка­­лық дамуында маңызды рөл атқарады. Жаңа кен орын­дарын анықтау үшін шөгінді бассейндер зер­де­ленуде. Рес­публикалық бюд­­жет есебінен қаржылан­ды­рылған «Арал» шөгінді бас­сейніндегі өңірлік гео­ло­гиялық зерттеу былтыр аяқталды. Ал «Сырдария» шө­гінді бассейнін зерттеу 2024 жылы басталып, үш жылға жоспарланған. Бұл мақсатқа 4 млрд 300 млн теңге бөлінген.

«Саутс Ойл» компаниясы дәстүрлі емес тәсілмен қара тақтатастан мұнай өн­діруді қолға алды. Облыста кең таралған пайдалы қаз­баларды өндіруге арналған ке­лісімшарттар мен лицен­зиялар жер қойнауын пайда­ланудың бірыңғай цифрлық платформасына толық тір­келген.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі