Биыл жаңа «Достық үйі» салынады

191

0

Фото: Облыс әкімдігі

Облыс әкімі, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай кеңейтілген кеңес өтті. Басқосуға жауапты сала басшылары, қала, аудан әкімдері мен зиялы қауым өкілдері, ҚХА мүшелері қатысты. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Аймақ басшысы Ассамблея қызметінің маңыздылығын айтып, өңірдегі ауқымды іс-шараларға тоқ­талды.

– Баршаңызды береке-бірлігі­міздің ұйытқысына айналып, елі­міздегі этносаралық достық пен бірліктің үлгісін әлемге танытқан Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерекесімен құттықтаймын. Осы жылдар ішінде Ассамблея хал­қымызды бірлікке, достыққа үн­дейтін жалпыұлттық келісімнің не­гізіне айналды.

Өңірімізде соңғы жылдары маңыз­ды жобалар жүзеге асырылуда. Құ­рылыс қарқын алып, ел игілігі үшін әлеуметтік нысандар бой кө­теруде. Әлеуметтік-экономикалық көр­­сеткіштеріміз күн санап өсіп келеді.

Бүгінде барлық аудандағы «Ру­ханият орталықтарында» елдің ын­­ты­мағын нығайтуға бағыт­тал­ған маңызды жобалар іске асы­ры­луда. Орталықтардағы «Қоғам­дық келісім» кабинеттері этнос өкіл­дерінің мәдени-рухани бірегей­лігін дамытуға мүмкіндік береді.

Ассамблеяның мерейлі жылында баршамыз үшін қуанышты жаңалық – Қызылорда қаласында жаңа «Достық үйі» салынады. Ғимарат жыл соңында ел игілігіне табысталады. Бұл аймақ жұртшылығының бірлігі мен ынтымағын нығайтуға атсалысқан этномәдени бірлестіктерге арналған, барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етілген заманауи ғимарат болады, – деді Н.Нәлібаев.

Кеңесте облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Руслан Каюпов, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының қоғамдық негіздегі орынбасары Дильфура Байрақтарова, Ассамблея жанындағы ғылыми-сарапшылық топтың жетек­шісі Айтжан Оразбақов, ардагер Асылбек Жұмабаев сөз сөйлеп, аймақтағы жетістіктерді атап өтті.

Басқосуда Мемлекет басшы­сының 2025 жылғы 8 сәуірдегі Жар­лығына сәйкес Қазақстан халқы Ассам­блеясының 30 жылдығына арналған мерекелік медаль та­быс­талды. Өңірдің әлеуметтік-эко­но­­ми­­калық дамуына үлес қосқан азамат­тар марапат төрінен көрінді.

Айта кетейік, бүгінде өңірімізде 30-дан астам этнос өкілдері тұрады. Жерлестеріміз Сыр өңірінің эко­номика, мәдениет, спорт, білім, ғылым салаларының дамуына атса­лысып, еліміздің өркендеуіне үлес қосуда.

Татулық пен келісімнің киелі шаңырағына айналған «Достық үйінде» 11 этномәдени бірлестікке арналған каби­неттер қарастырылған. Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай кешенді іс-шаралар жоспары бекітілген. Жоспарға сәйкес 100-ден астам іс-шара ұйымдастырылады. Әрбір этно-мәдени бірлестіктің онкүн­дігі өткізіліп, ұлттық-мәдени құндылықтар насихатталады.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<