Биылдан бастап 600 мыңға жуық қазақстандықтың жалақысы 20%-ға өседі

547

0

Фото: canva.com

Биыл азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысы 20%-ға өседі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

«Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасын орындау мақсатында биыл азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын орташа есеппен 20%-ға кезең-кезеңімен арттыру жалғастырылады. Жалақыны көтеру бухгалтерлер, экономистер, заңгерлер, мұрағатшылар, кітапханашылар, мұражайтанушылар, орманшылар, техникалық персонал және тағы басқа мамандықтар бойынша жұмыс істейтін 600 мыңға жуық азаматтық қызметшіге әсер етеді», – деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

2022-2025 жылдар аралығында азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысы 2 есе ұлғаяды.