Бейсенбіде өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясы ел бірлігін, бейбіт тірлікті, этносаралық келісімді одан әрі нығайтуға бағытталған маңызды оқиға болды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде: «Қазақ тілін білу – әр азаматтың парызы» деп, мемлекеттік тілдің қоғамды біріктіруші күш ретіндегі рөлін айқындап берді. Сонымен қатар елімізде ешбір тіл, ешбір мәдениет қысым көрмейтінін ашық айтты. Бұл – Қазақстанның ең басты ерекшелігі және құндылығы.
Президент атап өткен тағы бір маңызды тұс – еліміздегі барлық этностың ұлттық мерекелерін бірге атап өту. Бұл – Ассамблея арқылы қалыптасқан бірегей дәстүр, халқымыздың татулығы мен рухани байлығының айғағы.
Достық үйлерінің жұмысын жандандыру, олар жоқ өңірлерде жаңа орталықтар ашу, этномәдени театрлар мен өнер ұжымдарын қолдау – барлығы ел ішіндегі бірлік пен тұрақтылықты сақтауға бағытталған нақты қадамдар.
Біздің ең басты міндетіміз – туған елімізді шын жүректен сүю, құрметтеу. Халықты адастыратын теріс пікірлерге жол бермей, мемлекетіміздің бірлігі мен тұрақтылығына сызат түсіретін кез келген арандатушылыққа жол бермеуіміз керек. Ұлттық бірлік осал емес, бірақ оны сақтау үшін әрқайсымыздың азаматтық ұстанымымыз берік болуы тиіс. Себебі еліміздің келешегі біздің бүгінгі сабырлы ойымыз бен бірлігімізге байланысты.
Біз таңдаған жол – бірлік, татулық және бейбіт даму жолы. Осы бағыттан таймау – баршамыздың борышымыз.
Наталья МИШУКОВА,
«Қазақстандағы орыс қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі
Қызылорда филиалының төрайымы,
Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі





