Қолымдағы ақпараттан «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мен Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен 2024 жылғы 8 желтоқсаны күні Қызылорда қаласында жас мемлекеттік қызметшілер арасында облыстық «Жайдарман» ойыны өтті.
Аталған сайысқа облыс бойынша 8 команда қатысып, Қазалы ауданы жүлделі 3-орынды иеленді. Команда құрамында ауданнан 6 жас мемлекеттік қызметші қатысты. Оразалы Ғани Орақұлы, Торғай Ержан Берікұлы, Табынбай Бекет Жұмабекұлы, Орда Ерғұлан Мұхтарұлы, Жақсыбай Әлішер Қайрақбайұлы, Дәкен Назерке Серікқызы. Команда жетекшісі: Макеев Бақытбек Темірханұлы. Әуенмен әрлеуші: Әлқуат Шәкірат Оңдасынұлы» деген жағымды жаңалықты оқып, марқайып қалдым. Сондай-ақ, команда мүшелерінің сайысқа қатысуы үшін Қазалы ауданы әкімі Мейрамбек Зинабдинұлы Шермағанбет арнайы автокөлікпен қамтамасыз етіп, аудан әкімі аппаратының басшысы Ринат Ібайдуллаұлы Тілеп демеушілік жасағанын, бүгін жүлдегер атанғандарды қабылдап, жылы лебіз білдіргенін естідім. Бұндай ізгілікті іс Қазалы ауданында бұрын да қалыптасып келе жатқан дәстүр екенін атап кету ләзім. «Болар елдің баласы бірін-бірі батыр дер» деген ұлағатты сөз осындайда шықса керек.
Жұмабек Табынбаев,
Қазалы ауданы.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<