Бұл да өтпелі

1119

0


Коронавирус пандемиясынан көз жұмған қазақстандықтарды еске алу мақсатында Президент 13 шілдені Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады. Осыған байланысты бүгін барша отандасымыз аза тұтуда.


Әлемді шарпыған аурудың кесірінен халқымыз талай жақсы-жайсаңынан айырылды. Көп адам сырқаттанып жатыр. Бұл – жер жүзінің, оның ішінде еліміздің басына түскен нәубет десек, қателеспейміз.

Бұл да өтпелі


Күн жаманы кетер. Індет те сейілер. Уайымсыз күндер де жетер. Бұл да өтпелі. Ата-бабамыз талай ауыртпалықты бастан өткерді, бәріне шыдады. Біз де шыдайық! Бәріміз жақындарымызды жоғалтып жатырмыз. Алла Тағала өліге ризық, тіріге байлық берсін!

Қиын сәтте бір-бірімізді қолдайық, ағайын! Бұдан да аман-есен шығармыз. Бүкіл елімізді жұдырықтай жұмылуға, сабыр сақтауға шақырамын. Күрделі жағдайды бәріміз бірге еңсереміз деп сенемін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Гүлжаухар ИСКАКОВА,

Батыр ана,

Жаңақорған ауданы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<