Бұл марапат – жерлестерімнің де мерейі

25

0

Қызылорда қаласының ел астанасы бол­ғанына 100 жыл толуына байланысты Пре­зидент Қасым-Жомарт Тоқаев бесінші әрі тарихи құрылтайды Сыр өңірінде өткізуді ұйғарды. Бұл өңір тұрғындары үшін қолдау әрі зор мәртебе екені рас.

Кейде көпшілік арасында осы құрыл­тайлар не шешіп жатыр деген ой болатыны жасырын емес. Өзім жиынға бастан-аяқ қа­тысып, Мемлекет басшысының бағдар­ла­малық баяндамасын тыңдап, осыған дейін атқарылған жұмыстарға қанық болдық. Өзге де мәселелердің ше­шімін жариялаған кезде мұның елге қажет, экономикалық, әлеуметтік және рухани дамудың кепілі деуге тұ­рарлық маңызды шара екеніне көзіміз жетті. Қасым-Жомарт Кемелұлының баян­дамасы сондай ұғынықты болды, көңілімізден шықты. Құ­рылтай Қазақ­стан экономикасының да­муына, әлемдік аренада өз орнын табуына ық­пал еткені рас.

Ұлттық құрылтайда ел Президенті Қа­сым-Жомарт Тоқаев: «Қазір Қызылорда об­лысында, әсіресе, әлеуметтік салада жақсы жаңалық көп. Үш жылда осы аймақта 34 білім беру, 45 мәдениет және спорт ны­са­ны салынды. Бұған қоса 40 медицина ныса­ны ашылды. Бір сөзбен айтқанда, Қызыл­орда облысы барлық салада қарқынды даму­да. Облыстың жағдайы жалпы жақсы деп күмәнсіз айтуға болады. Бұл – әкім Нұр­лыбек Нәлібаевтың белсенді, табанды жұмы­сының нәтижесі» деп атап көрсетті. Расында, аймаққа әкім боп келгелі Нұр­лыбек Машбекұлының атқарып жатқан істерін көзіміз көріп, сол нысандардың салтанатты ашылуларына қатысып жүр­міз. Бұл құрылтай тарихи оқиға болып қалады.

Дәл осы тағдыршешті жиында Президент қолынан мемлекеттік марапат – «Парасат» орденін алдым. Мұны мен еңбегімді қолдап жүрген барлық жерлесімнің мерейі деп есептеймін.

Сәби АҢСАТ,

қоғам қайраткері