БҰҰ-Хабитат кеңесшісі Шефер Катя Берекелі Бесарық ауылында

269

0

Фото: Облыс әкімдігі

Қызылорда қаласында алғаш рет өтіп жатқан Ұлттық Урбан Форум — еліміздің қалаларын ғана емес, ауылдық елді мекендердің де болашағын біріктіретін диалог алаңы. Осы форумның делегаты, БҰҰ-Хабитат аймақаралық кеңесшісі Шефер Катя өңірдің үлгілі ауылдарының бірі — Берекелі Бесарыққа арнайы сапармен барды.

Бесарық — табиғи сұлулығы мен қоғамдық белсенділігі үйлескен ауыл. Катя Шефер ауыл тұрғындарымен, жастармен және жергілікті билік өкілдерімен, шаруашылық иелерімен кездесті.

«Ауылдар — тек аграрлық емес, сонымен қатар әлеуметтік және мәдени тіршіліктің маңызды бөлігі. Бесарық ауылындағы өзгерістер — тұрақты және инклюзивті дамудың жарқын көрінісі», — деді ол кездесу барысында.

Сапар барысында сарапшы ауылдағы инфрақұрылыммен, «Ауыл аманаты» жобасымен, ауыл мәдениетімен, көркемөнерпаздардың өнерімен, әлеуметтік жобалармен, жастар бастамаларымен танысты.