БҰҰ өкілімен кездесті

225

0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі Саранго Раднарагчамен кездесті. Онда өңірдің экологиялық ахуалын жақсарту және Арал теңізін сақтап қалу мәселелері талқыланды.

– 2023 жылдың желтоқсанында Дубайда өткен Климат жөніндегі дүниежүзілік саммитте Мемлекет басшысы Арал теңізі мәселесіне ерекше назар аударып, халықаралық қауымдастықты Аралды құтқару халықаралық қорын қолдауға шақырды. Құм көшкінінің алдын алудың тиімді жолы – жергілікті климатқа бейімделген өсімдіктерді, әсіресе сексеуіл егу. Бүгінде халық­аралық қорлардың қолдауымен теңіз табанына сексеуіл егу жұ­мыстары қарқынды жүруде. Өңірдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімдігі БҰҰ Даму бағдарламасына жалпы құны 25 миллион АҚШ долларын құрайтын жобалар тізімін ұсынды. Бұл жобалар экология, су және табиғи ресурстарды басқару сала­ларын қамтиды, – деді облыс әкімі.

Кездесуде Саранго Раднарагча Қызылорда облысымен тығыз әріптестік орнатуға және бірлескен жобаларды іске асыруға дайын екенін білдірді.

Айта кетейік, облыс Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдар­ламасымен тығыз ынтымақтастық орнатқан. Әсіресе, әлеуметтік жо­балар аясында жастардың білімін арттыру, тәжірибе жинақтау мүм­кіндіктерін кеңейту бағытында оқыту курстары, тренингтер мен ше­берлік сабақтары тұрақты өткі­зіліп келеді.