Әзербайжанда ринопластикадан кейін комаға түскен 30 жастағы Назрин Мансурова қайтыс болды. Бұл туралы «Oxu.Az»-ға Liv Bona Dea ауруханасы хабарлады, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мұрын қисықтығын түзету үшін ота жасатқан 30 жастағы Назрин Мансурова комадан шықпай қайтыс болды.
Ақпаратқа сәйкес, дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, науқастың өмірін сақтау мүмкін болмады.
Отаны 3 қаңтар күні хирург Санан Мехдиев жүргізген болатын, бірақ келесі күні Н.Мансурованың жағдайы күрт нашарлаған.
Басылымның жазуынша, бұл хирургтың есімімен байланысты алғашқы қайғылы жағдай емес. 2015 жылы С.Мехдиев жүргізген операциядан кейін 18 жастағы Лейла Мурсалова қайтыс болды. Ұзақ тергеу нәтижесінде дәрігер 8 ай және 23 күнге бас бостандығынан айырылды. Алайда бұл мерзім өтелген деп саналатын үй қамауына ауыстырылды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<