Декларациялаудың екінші кезеңі басталды

794

0

Елімізде жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңі басталды. Осыған сәйкес, биыл мемлекеттік мекеме мен квази мемлекеттік сектордың қызметкерлері және олардың жұбайлары активтер мен міндеттемелері туралы декларациялаудан өтетін болады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Өндірістік емес төлемдер» басқармасының басшысы Гүлжамал Шортанбаева хабарлады.

– Көлеңкелі экономикаға қарсы тұрудың бір тетігі – жалпыға бірдей декларациялау. Бұл жүйені енгізудегі басты мақсат – жеке тұлғалардың табыстары мен мүліктерін тиімді бақылауға қол жеткізу болып табылады.

Жалпы бірдей декларациялаудың бірінші кезеңінде жауапты лауазымдағы мемлекеттік қызметшілер, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген азаматтар және оларға теңестірілген тұлғалар мен жұбайлары тапсырды. Ал биылдан бастап мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері және олардың жұбайлары декларациялаудан өтетін болады. Декларацияда жеке тұлғаның атындағы барлық мүліктер, бағалы қағаздар мен банк есепшотындағы қолма-қол ақшасы көрсетілуі тиіс. Жеке тұлғалар декларацияны электрондық түрде ұсынуын ынталандыру мақсатында арнайы екі мерзім қарастырылған. Атап айтқанда, 15 шілдеге дейін – қағаз тасымалдағышта, 15 қыркүйектен кешіктірмей – электрондық түрде тапсырылады, – деді Гүлжамал Шортанбаева.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<