Депутаттар қызметінің тиімділігін арттыру қажет

454

0

Фото: ашық дереккөз

Бүгінде мәслихат депутаттарының рөлі айтарлықтай артты. Ол жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіндегі негізгі институтқа айналды.

Мемлекет басшысының қатысуымен өткен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының II республикалық форумында бірқатар мәселелер сөз болды.

Онда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәслихаттың мемлекеттік биліктің өте маңызды тармағы екенін йтты. 2022 жылы референдум арқылы Конституцияға маңызды өзгерістер енгізілді.

Соның нәтижесінде Парламенттің рөлі айтарлықтай күшейіп, жалпы билік институттарының жұмысын жетілдіру үшін нақты шаралар қабылданған болатын.

Форум барысында мәслихат депутаттарының біліктілігін жетілдіру туралы ұсыныс айтылды. Мемлекет басшысы мәслихат депутаттары қызметінің тиімділігін арттыруға ерекше назар аудару қажеттігін алға тартты.

Сондықтан оған Мемлекеттік басқару академиясын тартуды ұсынды. Партиялар өз депутаттарының біліктілігін жетілдіру мақсатында Академиямен ынтымақтастық орнату керегін де еске салды. Сонымен бірге депутаттар халықпен тікелей байланыс жасап, жұмысы туралы қоғамды жан-жақты хабардар етуде кемшін тұстар барын сынға алды.

Бір сөзбен айтқанда, форум саяси партиялар, мәслихаттар мен қоғамдық ұйымдардың өзара бірлікте жұмыс істеуіне шақырды. Өйткені, барлығының алдындағы бір міндет ол – елімізді өркендету және халықтың тұрмыс сапасын жақсарту.


Нұркен БАҚЫТБЕКҰЛЫ,
Форум делегаты

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<