Арман Жұмагелдиевтің («Дикий Арман» деген атпен танымал) ісі бойынша сот шешімі қашан шығатыны айтылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Buzyq Telegram арнасының жазуынша, «Дикий Арманның» үкімі 2025 жылдың қаңтар айының басында (қамалған соң 3 жыл өткен соң) жариялануы мүмкін. Бұл туралы оның адвокаты Олег Чернов хабарлады.
38 жастағы Жұмагелдиев «Қаңтар оқиғасы» кезінде бейбіт тұрғындарды ұрлап, азаптады деп айыпталуда.
Еске салайық, «Дикий Арман» лақап атымен танымал қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиев 2022 жылдың 7 қаңтарында ұсталған болатын. Алдағы қаңтар айында 3 жыл болады.
Кейін ҚР бас прокуратурасы «Дикий Арманның» Ұлттық қауіпсіздік қызметінің тергеу изоляторында отырғанын мәлімдеді. «Қаңтар оқиғасын» ұйымдастырды деген күдікпен 18 адамның үстінен қылмыстық іс қозғалған. Олардың арасында Арман Жұмагелдиев те бар.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<