Танымал блогер Дина Төреәлі екінші сәбиін дүниеге әкелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Блогер жаңалығын жеке парақшасында жариялады.
«Қош келдің өмірге балапаным. Көп күттірмей Аллам тағы да ата-ана атануды нәсіп етіпті. Тілеп, күтіп жүрген барша жанға жұғысты болсын! Құттықтауларыңызды қабылдаймыз. Көп тілеуі қабыл, балапанымызға жақсы тілектеріңізді жаза кетіңіздер», – деп жазды ол.
Еске салайық, блогер екінші сәбиіне аяғы ауыр екенін тұңғышының туған күнінде ресми жариялаған еді. Желі қолданушылары «қыз болады» деп болжаған.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<