Допинг дауымен аты шыққан Алексей Ниге өте ауыр жаза берілді

265

0

Фото: olympic.kz

Халықаралық агенттік оны өмір бойына спортқа жолай алмайтын шешім шығарды.

Қазақстанның бұрынғы бас бапкері Алексей Ни енді  өмірінің соңына дейін халықаралық жарсытар бойынша спорттан шеттетілді. Халықаралық олимпиада комитетінің бастамасымен 2017 жылы құрылған Тестілеу жөніндегі халықаралық агенттік (ITA) осындай шешім шығарды, деп жазды KYN.KZ  тілшісі  1bol.kz-ке сілтеме жасап. 

Ал құрамада аға бапкер болған оның бауыры Виктор төрт жылға спорттан шеттетілмек.

Айта кетейік, Қазақстан допингтің расталуына байланысты алты бірдей алтын медальден айырылды.

Бейжің-2008: Илья Ильин

Лондон-2012: Илья Ильин, Майя Манеза, Зүлфия Чиншанло, Светлана Подобедова

Рио-2016: Нижат Рахимов 

Бұған дейін ITA төрт қазақстандықты өмір бойына спорттан дисквалификациялаған: 

Ольга Терешкова-Цикунова – жеңіл атлетика, үш допинг жағдайы 

Фаина Сиванбаева – ауыр атлетика, үш допинг жағдайы 

Тимур Хабибуллин – теннис, 21 келісілген матч бойынша айыпталды

Естеріңізде болса, Ни Қазақстан құрамасын 1994 пен 2016 жылдар аралығында баптады. Риодан соң ресми түрде жұмыстан кетті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<