Жаңа жыл мерекесі қарсаңында аудан әкімі Берік Сәрменбаев «Dostar band» вокалды ансаблінің шығармашылық концертіне қатысты.
«Dostar band» вокалды ансаблі 1979 жылы құрылып, өнер көрсете бастаған. Ғалымжан Бакировтың жетекшілігімен құрылған ансамбль құрамында Марат Шамшиев, Марат Еспенбетов, Марат Башаров, Бағдәулет Төлебаев, Бектұрған Ысқақов болды. Бірнеше жыл өнер көрсеткен ұжым үлкен байқауларда жетістіктерге жеткен.
Өткен мен бүгінді қайта байланыстырған ансамбль мүшелері араға бірнеше жыл салып, 2024 жылы қайта құрылып, өнер көрсетуде. Бүгінде Марат Еспенбетовтың жетекшілігімен ұжымда Марат Шамшиев, Серік Байдәулетов, Махмұт Сақтапов, Мұрат Төлегенов, Нұрлан Мамыт және Мұхтар Набатов өнер көрсетуде.
Бүгінгі шығармашылық кеште вокалды ансамбль өткен ғасырдағы әндерді қайта жаңғыртып, алғашқы солистер және жастармен бірге шырқады. Аудан тұрғындарына мерекелік көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, зор ықыласқа ие болды.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<