Екі мәселе қаралды

46

0

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі. Күн тәртібінде электр энергетикасы саласын дамыту және цифрландыру мәселесі қаралды. Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режим арқылы қатысты.

Облыста энергетикалық инфрақұрылым нысандары жыл сайын жаңғыртылуда. Әртүрлі кернеудегі 10 мың шақырымнан асатын электр желілері, 2 мыңға жуық қосалқы станция бар. Биыл 6 млрд 100 млн теңгеге 280 шақырым электр желісі, 87 қосалқы станция қайта жаң­ғыртылып, тозу деңгейі 62 па­йыздан 60 пайызға төмендеді.

Президент тапсырмасына сәй­кес, оңтүстік өңірлерде электр энер­гиясының тапшы­лығын бол­дырмау, жаңа энер­гетикалық қуат­­ты іске қосу мақсатында Қы­­зылорда қаласында 240 мега­ватт электр энергиясы мен 277 гигакалория жылу энер­гия­­сын өн­діретін жаңа жылу-электр орта­лы­ғы­ның құрылысы аяқ­талды.

Бүгінде инвестор «Акса Энерд­жи» түрік компаниясы не­гізгі, қосалқы қондырғыларды 100 пайыз жеткізген. Стан­ция­ның бірінші іске қосу кешені дайын.

Аталған жоба өңірді электр энергиясымен толық қам­тамасыз етіп, өндірісті да­мы­туға серпін бермек. Ал ор­талық толық қосыл­ғанда өзге өңір­лерге электр энер­гиясын сатуға мүмкіндік туады.

«Самұрық-Қазына» акцио­нерлік қоғамы 800 млрд теңгеге қуаттылығы 1100 мегаваттық жаңа бу-газ қондырғыларын салу­ды жоспарлаған. Оған 280 гектар жер бөлініп, қазіргі таңда техника-экономикалық негіз­демесі әзірленуде. Станция 2029 жылы толығымен іске қо­сылады.

«СБ» ақпарат