Бүгін арнайы ақпарат көздерінен Мемлекет басшысының елімізде орын алып жатқан соңғы апаттық жағдайларға байланысты арналған үндеуін тыңдадық.
Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде ешбір жанның назардан тыс қалмайтынын, сондай-ақ бұл жағдайлар алдағы уақытта бізге сабақ болатынын жеткізді.
Ел Президентінің бұндай сәтте жариялаған үндеуі зардап шеккен халықтың көңіліне үлкен серпіліс болды.
Иә, расымен де осындай дүрбелең сәтте бір-бірімізге қолдау көрсетіп, нақты шешімдер қабылдаудың маңызы зор.
Күшіміз-бірлікте. Қиналған жанға көмек қолын созып, қабылданған жоспар бойынша әрекет етсек, еліміз бұл жағдайды да еңсеріп шығатынына сенім мол.
Жұмабай ЖАҚЫП,
Арал ауданының Құрметті азаматы,
ардагер журналист.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<