Ел дамуының негізгі бағыты айқын

109

0

Біз М.Мәметова атындағы Қы­зылорда педагогикалық жоғары кол­ледж ұжымы болып Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интел­лект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифр­лық өзгерістер арқылы шешу» тақырыбындағы Қазақстан халқына Жолдауын зор ықыласпен тыңдадық.

Президент ел дамуының негізгі бағыты ретінде цифрландыру мен жа­санды интеллектіні енгізуді атап өтті.

Биылғы Жолдаудың біріктіруші идеясы – цифрландыруды кең көлемде дамыту және жасанды интеллектіні жап­пай енгізу. Осы орайда Президент эконо­миканың түрлі салаларына цифр­ландыру мен жасанды интеллект құрал­дарын жеделдетіп енгізу міндетін жүктеді.

Сондай-ақ жас ұрпақтың патрио­тизмді қабылдау ерекшелігіне де тоқталды. Президенттің айтуынша, жастар елді сүюді жаңа іс бастау, халыққа пайдасы тиетін жаңалық ашумен байланыстырады. Олар Қазақ­станды өркениетті, дамыған мемлекет ретінде көргісі келіп, заманауи технологияларды меңгеруге ұмтылуда.

«Жастардың бойындағы патриотизм – болашаққа деген шынайы ұмтылыс. Бұл – қоғам санасындағы өзгерістің айқын көрінісі. Мен олардың күш-жігеріне, дарыны мен біліміне сенемін» деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ол жастарға ғылым-білім жолында жан-жақты қолдау көрсетілетінін атап өтті. Әлемде жүріп жатқан түбегейлі өзгерістерге жас буынның тез бейімделетінін, әсіресе жасанды интеллект дәуірінде олардың рөлі ерекше болатынын айтты.

Президент сонымен қатар білім беру саласы мен жасанды интеллектіні дамытудың маңыздылығын ерекше атап өтті. Мәселен, жасанды интеллектімен жұмыс істеу құзыретін қалыптастыру әлдеқайда ерте жастан, яғни мектеп қабыр­ғасынан қолға алынуға тиіс екенін, осыған орай бірқатар бастаманы жүзеге асыру, ең алдымен, мектеп оқушыларына арналған жасанды интеллект негіздері туралы бағдарлама және оқу материалдарын әзірлеу қажет екені, ұстаздардың жасанды интеллект технологиясын мең­геру дағдысын да қалыптастыру керек болатыны айтылды.

Білім саласындағы бастамалар – еліміздің одан әрі әлеуметтік-эко­­номикалық дамуына негіз бола­тын сапалы адами капиталды қалып­тастырудың мықты қозғаушы күші.

Колледж ұжымы Мемлекет бас­шысының бастамаларын толығымен қолдай отырып, білім беру саласы, цифрландыру мен жасанды интел­лектіні дамыту, жасанды интел­лект дәуіріндегі жас ұрпақтың па­триоттық тәрбиені бойына сіңірген педа­гогикалық кадрларды даярлау ісіне өзіндік үлесін қоса бермек.

Жақсыгүл ТОҒАНОВА,

Мәншүк Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің директоры