Ел-халқы азаматын ардақтады

6

0

Халқымызда «Ердің атын ел шығарар, елдің атын ер шығарар» деген даналық сөз бар. Бірінен-бірі ажырағысыз егіз ұғымға сай келетін азамат, «Құрмет», «Парасат» ордендері мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Қазақстанның Құрметті құрылысшысы, Балық шаруашылығы саласының еңбек сіңірген қызметкері, Қызылорда қаласының, Арал, Қазалы, Жаңақорған аудандарының құрметті азаматы, республикалық «Жалаңтөс баһадүр» қорының президенті Нажмадин Түрікбенұлы Мұсабаев дер едік.

Бүгінде ол жеті қырдан асып, 75 жасқа толып отыр. Ме­­­рейлі жасына құр қол келіп отыр­ған жоқ, балалары Еркін­бек Түрікбенұлы Мұсабаев пен Нұрназар Нажмадинұлы Түрік­беннің авторлығымен жарық­қа шыққан «Тектілік туын түсір­меген тұлға» атты кітабын тарту етуде. Бір айта кетерлігі, бұған дейін де балалары Айгүл, Әділбек Мұсабаевтар «Ұлыларды ұлық­таған тұлға» (2010 ж), «Тумысы бөлек тұлға» (2011 ж) атты кі­таптарын шығарған еді. Ал бүгінгі кітап сол туын­дылардың заңды жалғасы деуге болады. Әке алдындағы перзент­тік парыз­дың өтеуіндей көрінген туындылар Нажмадин Мұса­баевтың еңбек және өмір жолын, қызметтес замандастары мен өзі басқарған аудандардың жарқын бейнесін баяндауға арналған.

Жуырда өзі әкім болып қыз­мет атқарған Жаңақорған, Қа­залы, Арал аудандарында мағ­­­­лұ­­­маты мол жаңа туынды – «Тек­­­тілік туын түсірмеген тұлға» кіта­­бының тұсаукесер рәсімі бо­лып, Н.Мұсабаевтың 75 жасқа то­луы салтанатты жағдайда атап өтілді. Оған аудандардағы зия­лы қауым, қоғамдық ұйым, бұқа­ра­лық ақпарат құралдары мен шығармашылық топ өкілдері, ел ағалары қатысты. Жаңақорғанда аудан әкімі Мажит Самитов, кенттің ардагерлер кеңесінің төрағасы Серқожа Ыдырысов, ауыл шаруашылығы саласының ардагері Алмас Нәлібаев, Қа­за­лыда аудан әкімі Алмасбек Ес­маханов, аудандық ардагерлер ке­ңесінің төрағасы Оразғали Бек­банов, ауданның құрметті аза­ма­ты Қасқырбай Әлімбай, Аралда аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әділбек Әйімбетов, мем­лекеттік қызмет саласының ардагері Әнес Әуезов құттықтау сөз сөйлеп, мерейтой иесінің иығына шапан жабылып, құрмет көрсетілді. Салтанатты шараларда сөз алған кітап авторының бірі Нұрназар Түрікбен жаңа туындының маз­мұнына шолу жасап, кеңінен та­ныстырса, қоғам қайраткері Н.Мұсабаев өзіне көрсетілген құрмет үшін шынайы алғысын білдірді.

Осылайша еліне ерекше ең­бек сіңірген азаматы, айрық­ша ардақталды. Өйткені ол – ұлы­ларды ұлықтаған, тумысы бөлек, тектілік туын түсірмеген тұл­ға.

Жұмабай ЖАҚЫП.

Арал ауданы