Ел жаңалықтары

6

0

Экспортталатын көліктің утильалымы өсті

Утилизациялық алым ставкаларындағы өзгерістер тек Қазақстанға Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясынан әкелінетін автокөліктер мен өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасына ғана қатысты болатыны Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде айтылды.

– Бұл Қазақстаннан Ресей мен Беларуське экспортталатын авто­көліктерге утилизациялық алымды есеп­теу кезінде аталған елдерде белгі­ленген мөлшерлемеге қосымша түрде Қазақстанда төленген кеден­дік баждар, қосылған құн са­лығы мен акциздер арасындағы айыр­ма­ның алынуымен байланысты. Алайда Еуразиялық экономикалық одақ­тың Кеден кодексінің 454 және 456-баптарына сәйкес, Қазақ­стан­да өндірілген автокөліктер – ЕАЭО тауарлары. Осыған орай, Беларусь пен Ресейде қазақстандық өн­діріс­тегі автокөліктерге кедендік коэф­фициенттерді қолдану заңсыз, – делінген хабарламада.

Ал елімізде өндірілетін техникаға, сондай-ақ ЕАЭО-ға мүше емес мем­ле­кеттерден, Армения мен Қыр­ғыз­­станнан импортталатын тех­­ни­­­каға утилизациялық алым став­ка­­­лары бұ­рынғы деңгейде сақ­та­­ла­ды. Сонымен қатар Қазақ­стан мен ЕАЭО серіктестері ара­сындағы ути­лизациялық алым став­ка­ларын­дағы теңгерімсіздікті жою үшін ре­сейлік және беларусьтік тех­никаға ар­нал­ған утильалым мөлшері Ресей Феде­рациясының заңнамасында 2025 жылғы 1 желтоқсаннан бас­тап белгіленген төлем деңгейіне теңес­тіріледі.

ЖИ-сервистер кеңейтіледі

Қазақстанда әлеуметтік мәні бар ауруларды ерте диагностикалауға және медицина қызметкерлерін қолдауға бағытталған денсаулық сақтаудағы басым ЖИ-жобалардың тізбесі қалыптастырылды деп хабарлайды ДСМ баспасөз қызметі.

Негізгі бағыттардың қатарына инсульт, өкпе және сүт безі обырын ерте диагностикалау, сондай-ақ жасан­ды интеллектті қолдана отырып, стома­тологиялық суреттерді талдау жатады. Бұл шешімдер қазірдің өзін­де практикалық денсаулық сақтау сала­сында енгізіліп, кеңейтіліп жатыр.

Бүгінде отандық медицина ма­ман­дары түрлі ЖИ-сервистерді бел­сенді қолданады. Осылайша Cerebra 5 өңірдегі II және III санаттағы 9 инсульт орталығында, WDsoft ше­шімі 10 өңірдегі 190 медициналық ұйымда, AIDENTIS платформасы 65 стоматологиялық клиникада және 3 медициналық ЖОО-да енгізілді. ALIMA медицина қызметкерінің ЖИ-ассистенті бүкіл ел бойынша 700-ден астам емханада қолданылады.

Мұнай өндіру қайта жанданды

«Теңізшевройл» компаниясы электр энергиясын тарату жүйесі қауіпсіз түрде іске қосылғанын және шикі мұнайдың бастапқы өндіру жұмыстары қайта басталғанын мәлімдеді.

Компанияның таратқан ресми ақпаратына сүйенсек, қазіргі уақытта өндіріс көлемі мүмкіндігіне қарай кезең-кезеңімен арттырылып жатыр.

– ТШО қауіпсіз әрі сенім­ді өндірісті қамтамасыз ету қағидат­тарына адал болып қала береді. Бұдан өзге ТШО өз өндірістік қызметінің егжей-тег­жей­леріне түсініктеме бермейді,– деп мәлімдеді компанияның баспасөз қызметі.

Еске салайық, 18 қаңтарда «Теңіз» кен орнында өрт болып, 450-ден аса жұмысшы эвакуацияланған еді.

Ақпарат көздрінен