«Ең алдымен адамдар» көшпелі семинары өтті

348

0

Фото: Арал ауданы әкімдігі

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасымен 2021 жылғы 10 қыркүйекте бекітілген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі мәселелері жөніндегі іс-шаралар жоспары» бойынша «Ең алдымен адамдар» арнайы бағдарламасына сәйкес көшпелі семинар өтті.

Аталған семинарға аудан әкімдігіне қарасты бөлім, қала, кент және ауылдық округтерде мемлекеттік қызмет көрсететін 50 тыңдаушы қатысты.

Жиында алдымен аудан әкімі аппаратының цифрлық технологиялар және мемлекеттік қызметтердің мониторингі бөлімінің басшысы Жұлдыз Мұхамбетжанова жалпы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша қысқаша ақпаратпен бөлісті.

Одан әрі модератор-педагогика ғылымдарының магистрі Ақмарал Тұрабаева семинар бағдарламасымен таныстырды.

Семинар барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы Марат Айтхожа «Тұтынушыға бағдарланған қызмет көрсету», «Бюрократиядан арылу бағыты» және «Мемлекеттік қызметтер көрсету саласында заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету» тақырыптары төңірегінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Филиал Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойына филиалының доценті, психология ғылымдарының кандидаты Алмагүл Аяғанова «Адамдармен психологиялық байланыс орнату қағидаттары» тақырыбында лекция оқыды.

Семинарда қатысушылар ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, көтерілген сауалдарға қатысты мамандар тарапынан тұщымды жауап берілді. Еркін форматта өрбіген семинар соңында қызметкерлер ой сергіту мақсатында түрлі логикалық сұрақтар бойынша пікір алмасты.

Арал ауданы әкімдігі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<