Жалпыхалықтық Референдумға Ақсуат ауылдық округі Ж.Маханбетов ауылының еңбек ардагері Келесбай Абабілдаев алғашқылардың бірі болып өз таңдауын білдірді. 87 жастағы қария – №227 сайлау участкесіндегі ең қарт дауыс беруші.
– Бүгінгі маңызды сәтте жалпыхалықтық Референдумға қатысып, таңдауымды жасадым. Әр адам, әсіресе жастар өздерінің болашағы үшін белсенділік танытқаны дұрыс, -дейді ақсақал.
Айсәуле Қарапаева,
«Сыр бойы».
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<