«Еңбек» бағдарламасымен 328,5 мың адам жұмысқа орналасты

1743

0


«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасымен 328,5 мың адам жұмысқа орналастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Ведомствоның мәлімдеуінше, 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451,6 мың адам қатысқан. 328,5 мың адам жұмысқа орналастырылып, оның 200,7 мыңы тұрақты жұмысқа тұрды.

«Бағдарламаның бірінші бағыты аясында қысқа мерзімді курстарға 15,2 мың адам жіберілді. 5,5 мыңнан астам адам өз ісін ашу үшін жеңілдікті микрокредит, ал 20,2 мыңы қайтарымсыз мемлекеттік грант алды. Субсидияланатын жұмыс орындарына 155,7 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде: әлеуметтік жұмыс орындарына 16,6 мың адам; жастар практикасына – 21,4 мың адам; қоғамдық жұмыстарға – 117,4 мың адам барды», делінген хабарламада.

Министрліктің мәліметінше, еңбек ресурстарының ұтқырлығы шеңберінде 1 342 отбасы немесе 4 571 адам қоныс аударған, оның ішінде 1 952 адам еңбекке қабілетті жаста. «Оның ішінде 1 329 адам жаңа тұрғылықты жерінде тұрақты жұмысқа орналастырылды және 111 адам кәсіпкерлік қызметпен айналысады, 5 адам оқуға жіберілді», деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетсек, 2020 жылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 649 мың адам қатысты. 437,3 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның 319,2 мыңы тұрақты жұмысқа тұрды. Жаппай кәсіпкерлікті дамытуға 12,7 мың микрокредит және жаңа бизнес идеяны іске асыруға 44,9 мың қайтарымсыз мемлекеттік грант берілді. Бұдан басқа, еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шеңберінде жұмыс күші артық өңірлерден құрамында 5,8 мың адам бар 1,8 мың отбасы қоныс аударды.



 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<