Ерекше жандардың қолөнер жәрмеңкесі

1361

0

Бүгін «Қызылорда қалалық мүгедектер қоғамы» ҚБ-нің ұйымдастыруымен мүгедектігі бар тұлғалардың қолөнер жәрмеңкесі өтті.

Ерекше жандардың қолөнер жәрмеңкесі

Көрмеге 20 қолөнерші қатысып, өз бұйымдарын халыққа ұсынды.

Ерекше жандардың қолөнер жәрмеңкесі

Жәрмеңкеге этно стильде киім, аяқ киім және әшекей бұйымдар, қолдан жасалған кілемдер, кәдесыйлар, ағаш және керамикалық ыдыс-аяқтар, заманауи күміс және бедерлі әшекейлер, тамаша сөмкелер мен қолдан жасалған ойыншықтар, тастан жасалған қазақ белгілері бар әшекейлер және тағы басқа бұйымдар қойылған.

– Жәрмеңкенің басты мақсаты рухани мұраны сақтауға, оның мәдениетін және салт-дәстүрлерін сақтауға, Қызылордада қолөнер шеберлігін дамытуға және оны жастар арасында танымал етуге атсалысу болып табылады. Қолөнершілермен тікелей байланыс орнату, халық қолөнерін жаңғырту және дамыту, қолөнершілерді қолдау біздің міндетіміз, – дейді қолөнерші Әсия Сарықұлова.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<