Еріген қар суының салдарынан 3 облыста жол жабылды

235

0

24 наурыз күні сағат 18:00-дегі жағдай бойынша еріген қар суының салдарынан 3 облыстағы 3 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды.

Ақтөбе облысы:

  • «Қандыағаш – Ембі- Шалқар – Ырғыз» автожолының 3-92 шақырым аралығы (Қандыағаш қаласы – Ембі қаласы).

Қостанай облысы:

  • Қазақстан мен Ресей арасындағы бейтарап территориядағы Мариновка ауылына жақын аймақта (РФ шекарасы).

Солтүстік Қазақстан облысы:

«Петропавл қаласының айналма жолы» автожолының 4-7 шақырымы аралығында (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзені арқылы өтетін көпірге дейін).

Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 232 арнайы техника мен 463 маман жұмылдырылды, – деп жазды ҚазАвтоЖолдан.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<