Ерлік – елге мұра ұрпаққа ұран

221

0

Фото: Аманат партиясы

1995 жылғы 7 сәуір халқымыздың тарихындағы қасіреттін күндердің бірі. Ел үшін кеудені оққа керген қазақстандық сарбаздар Тәжік-Ауған шекарасында айбынды ерліктің, қайтпас қайсарлық пен батылдықтың үлгісін көрсеткен болатын. Сол лаңкестермен шайқаста 17 азамат қаза болып, 33-і жарақат алды.

Бүгін жат жерде қаза тауып, кеудесін оққа тосқан бейбіт күннің құрбандарын еске алуға арналған жиын өтті. Онда боздақтардың рухына құран бағышталып, ықылас гүл шоқтары қойылды.

Шараға «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, Ғалымжан Еркебай, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, Тәжік – Ауған шекарасында жауынгерлік қимылдарына және әскери қақтығыстарына қатысушылардың республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының төрағасы, партия белсендісі Марат Орынбаев, сонымен қатар Тәжік – Ауған, таулы Қарабах қақтығыстары мен Чернобыль апаты ардагерлері қатысты.

Атап өтейік, биыл Қазақстан әскерінің Тәжік – Ауған шекарасынан шығарылғанына 24 жыл толып отыр. Оған Сыр өңірінен 400-ге жуық сарбаз аттанып, оның үшеуі қаза болған, төрт сарбаз жарақаттанған болатын. Жалпы ҚР Жоғарғы Кеңесінің Қаулысына сәйкес, 1992-2001 жылдары еліміз бойынша 10 мыңға жуық офицер және сарбаз Тәуелсіз мемлекеттер достастығының бірлескен батальонында сыртқы шекараларды қорғау үшін Тәжік-Ауған шебінде бітімгершілік міндетін атқарған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<