Есепті табыс ету тәртібі

238

0

«Өсімдіктерді қорғау туралы» заң оларды зия­нкестерден, арам­шөп­терден және аурулардан қорғау сала­сындағы қызметтi жүзеге асыру­дың құқықтық, экономикалық, ұйымдас­ты­рушылық негiздерiн айқындайды. Егiн өнiмiн, оның сапасын сақтау мен ҚР аумағында фитосанитариялық iс-шараларды жүзеге асыру кезiнде адам­дардың денсаулығы мен қоршаған ор­таға зиянды әсердi болғызбауға ба­ғыт­талған.

Осы заң шеңберінде ҚР АШМ АӨК МИК Қызылорда облыстық ау­мақтық инспекциясы улы химикат­тардың адамдар денсаулығы мен қор­­шаған ортаға қауіпсіз пайдаланы­луы­на, егістіктің зиянды организм­деріне қарсы іс-шаралардың уақы­тылы әрі сапалы жүргізілуіне және фито­са­нитариялық есептіліктің жүр­гізілуі мен табыс етілуіне ұдайы бақы­лау жасап отырады.

Жоғарыда аталған заңның 14-5-ба­бының 3-тармақшасына сай қыз­меті фитосанитариялық бақылау объек­ті­ле­ріне байланысты жеке және заңды тұлғалар фитосанитариялық есепке алуды жүргізуге және уәкілетті ор­ганға есептілікті табыс етуге міндетті.

ҚР АШМ «Фитоса­нитариялық нор­мативтерді, фито­санитариялық есеп­ке алу нысандарын, сондай-ақ олар­ды ұсыну қағидаларын бекіту тура­лы» бұйрығының қосымша нысан­дарына сай фитосанитариялық есеп ай сайынғы (наурыз, қыркүйек ай­лары), жартыжылдық және жылдық кезең­ділікпен табыс етілуі тиіс.

Фитосанитариялық есептілікті ұсын­бау, сол сияқты уақытылы ұсын­бау жеке және лауа­зымды тұлғалар мен шағын, орта, ірі кәсіп­керлік су­бъектілерін Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодек­сінің 403-бап, 1-тармағымен әкімшілік жауапкер­шілікке тартуға әкеп соғады.

А.ПАЛМАНОВА,

ҚР АШМ АӨК МИК Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясының өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімініңбас маманы- өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторы