Есірткі – өмірімізге қауіпті нәрсе. Ол адамның денесін, ойын және армандарын бұзады. Бір рет қолдансаң, бәрі өзгеріп кетеді. Достарым, біз өзіміздің армандарымызға жеткіміз келеді ғой? Мектепті аяқтап, жақсы маман болуды, спортта, өнерде жетістікке жетуді қалаймыз.
Есірткі сол армандарымызды ұрлайды. Ол тек қысқа қуаныш береді, бірақ кейін бәрін жоқ қылады. Мен бәрімізге айтамын: есірткіге «Жоқ!» деп айт! Өмірді сүй, армандарыңа берік бол. Достарыңмен бірге таза өмір сүр, қызықтарды спортпен, хоббимен және қызықты сабақтармен тап.
Егер арманың болса, оны есірткімен құртуға жол берме. Өмір – бізге бір рет берілген, оны бағалай білейік!
Есірткіге жол жоқ, армандарға – иә!
Исатай Құдайберген,
Ә.Әбутәліпов атындағы №209 орта мектебі
7-сынып оқушысы,
Жаңақорған ауданы






