Үндеу
Құрметті жас буын!
Болашағымыздың жарқын, өміріміздің мәнді болуы – өз қолымызда!
Бүгінгі таңда қоғам алдында тұрған ең үлкен қауіптердің бірі – есірткі. Ол адамды ерік-жігерінен айырып, өмірін тас-талқан етеді. Есірткіге әуестік – ертеңгі күнге деген үмітті өшіретін, болашақты бұлыңғыр ететін жол.
Бірақ ұмытпаңдар:
Есірткісіз өмір – еркін өмір!
Есірткісіз өмір – денсаулық, арман, қуаныш пен табысқа толы өмір!
Біз — салауатты өмір салтын ұстанатын, елінің ертеңі үшін жауапты ұрпақпыз.
Біз — өмірдің қадірін білетін, өз болашағын қорғауға дайын жастармыз!
Кел, өмірдің шынайы ғажайып сәттерін бірге сезінейік!
Есірткіге — ЖОҚ! Өмірге — Иә.
Айым Абдибек,
№55 С.Қожанов атындағы орта мектептің
11-сынып оқушысы.






