Ескерткіштер – ел тарихы

501

0

Әр жылдың 18 сәуірінде әлем жұртшылығы Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күнін атап өтеді. Бұл күннің басты мақсаты – адамзаттың ортақ мұрасы болып саналатын тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды сақтау және қорғаудың маңызына қоғам назарын аудару.

Мәдени мұра –  халықтың тарихы мен рухани байлығын айғақтайтын құндылық. Сондықтан бұл күннің халықаралық дең­гейде атап өтілуі тегін емес. Атаулы күн қарсаңында өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі мекеме басшысы Ерғазы Алданазаров өңірдегі мәдени ескерткіштер туралы айтып өтті.

– Облыс көлемінде 567 тарихи-мәдени мұра нысаны мемлекет қорғауына алынған. Оның 31-і республикалық, 256-сы жергілікті маңызы бар, 280-і алдын ала есепке алынған тарихи-мә­дени мұра нысандарының ті­зіміне енген. Ескерткіштерді қорғау мәсе­лелері қолданыстағы заңдылықтармен реттеледі және облыс аумағындағы тарихи орындар қала, ауыл, кент әкімдіктерінің теңгеріміне беріліп, бақылау күшейтілген. Бүгінде барлық ескерткіштерге қорғау тақталары толық орнатылып, паспорттары жасалды.

Биыл облыс әкімдігінің қолдауымен бірқатар жоба жүзеге асырылады. Атап айтсақ, ежелгі өркениет ошағы саналатын Бәбіш мола, Жанкент және Сығанақ қала­шықтарында археологиялық қазба жұмыстары жүргізіледі. Ғылым және жоғары білім министрлігінің гранттық қаржыландыруымен Жетіасар мәдениеті ескерткіші зерттеледі,– деді Ерғазы Жарылқасынұлы.

«СБ» ақпарат