Таиландтың Районг қаласында өтіп жатқан рейтингтік турнирде Еспелі слаломнан Қазақстан құрамасы алтын медаль еншіледі, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.
— Отандасымыз Александр Куликов каноемен есуде жекелей сайыста топ жарды. Кейго Ямамото (Жапония) екінші орын алды. Ал Севан Билло (Аустралия) үздік үштікті түйіндеді, — делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Қуаныш Еренғайыпов төртінші орынға ие болды.
Бұдан бұрын Түркістанда Орта Азияда теңдесі жоқ «Ескек есу» арнасы ашылғанын жазған едік.
Сонымен қатар, Ұлытау облысында ескек есу мектебі пайдалануға берілді.






