Биылғы жыл Қызылорда облысы үшін табысты әрі жемісті жыл болды. Спорт, мәдениет, білім сияқты маңызды салаларда өңіріміз үлкен жетістіктерге қол жеткізіп, тек ел көлемінде ғана емес, Азия деңгейінде де өзін мойындатты. Жылды жемісті қорытындылау үшін бүгін сол салаларда үздік нәтижеге қол жеткізіп, аймақтың дамуына үлес қосып жүрген азаматтар облыстың бас ақпарат алаңына келіп, БАҚ өкілдерімен кездесті.
– Бұл жыл мен үшін өте жақсы нәтижемен аяқталып жатыр. Өздеріңіз білесіздер, Таиландтың Чиангмай қаласында өткен бокстан Азия чемпионатында жеңімпаз атанып, алтын медаль иелендім. 1 апталық үзілістен кейін оқу-жаттығу жиындарымызды қайта бастап, наурыз айында болатын бокстан әлем чемпионатына тыңғылықты дайындалатын боламын. Келер жылы сол әлем чемпионатына қатысып, алтын медальды қанжығама байлағым келеді. Одан бөлек, 2028 жылы Америкада өтетін Олимпиада ойындарында да еліміздің көк туын көкке көтергім келеді. Сол үшін қазірден дайындықты бастап кеттім, – деді бокстан Азия чемпионы Гүлсая Ержан.
Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<