Гүлзат Шынтасова – «Әлем мұғалімі» атағына үміткер

254

0

Фото: НЗМ

Елордада «Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығының ТОП-10 финалисі анықталды. Үздіктер қатарында Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлзат Шынтасова да бар.

Сырбойылық ұстаз алғашқы болып марапат төрінен көрінді. Қаржылай жүлдесі мен «Әлем мұғалімі» байқауына жолдаманы оған Global Teacher Prize жаһандық сыйлығының 2023 жылғы жеңімпазы пакистандық Зеф ханым табыстады.

«Менің жүрегімдегі мектебім – мүмкіндіктер мекені. NIS менің жан-жақты дамуыма, кәсіби шыңдалуыма жол ашты. Бұл марапат – менің 11 жылдың педагогикалық еңбегімнің жемісі деп білемін. Барлық оқушыларыма және әріптестеріме алғысымды білдіремін», – дейді жүлдегер.

Бұл байқауда мұғалімдер жоғары академиялық жетістіктерін, білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлестерін көрсетіп, азаматтық белсенділігі мен маңызды әлеуметтік жобалары арқылы қоғамға пайдалы жұмыстарымен бөлісті.

Гүлзат Шынтасова – «Әлем мұғалімі» атағына үміткер

Айта кетейік отандық кезеңге Қазақстанның барлық аймағынан 2200-ден астам мұғалім өтініш келіп түсті. Нәтижесінде 50 финалист таңдалып, олардан ТОП-10 үздік педагог анықталды. Гүлзат Бурабайқызымен бірге аталмыш сайысқа оның әріптесі Жадыра Ажибаева да қатысып, ТОП-50 қатыранан көрінді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<