Хабарландыру

138

0

Құрметті Қызылорда облысының тұрғындары!

Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығы подполковник Шаңқұлов Жасұлан Бегенбайұлының ресми Instagram @ddo_kyzylorda_1, парақшасының ашылғандығын хабарлаймыз. Бұл парақшаның басты мақсаты – әрбір облыс тұрғыны үшін ақпараттың ашық әрі қолжетімді болуы. Мұнда сіздер келесідей өзекті мәліметтерді таба аласыздар:

•мерзімді әскери қызметке шақыру тәртібі;

•шақыру науқанының кезеңдері;

•біздің өңірде шақыру қалай жүргізілетіні;

•шақыру туралы SMS-хабарлама алған жағдайда не істеу қажеттігі туралы;

•әскерге шақырылушының заңды түрде шегерім немесе босатылу жағдайлары;

•әскерге шақырылушылар мен олардың ата-аналарына қатысты жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар.

Бұл парақша әскери қызметке қатысты барлық мәселелер бойынша нақты әрі түсінікті жауап алу үшін жұмыс жасайды.

Парақшаға жазылып @ddo_kyzylorda_1, жаңалықтарды бақылап отырыңыздар.