Халықаралық әйелдер күніне арналған концерт

305

0

Фото: Ассамблея Қызылорда

Достық үйінің концерт залында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен татар этномәдени бірлестігі ұйымдастырған 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған дәстүрлі концерт өтті.

Он бірінші жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан шараға облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.

Мейірімділік пен ризашылыққа толы мерекелік шара барысында «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Руслан Құрманов сөз сөйлеп, нәзік жандыларды мерекемен құттықтап, оларға кез-келген бастамада табыс тіледі.

Ал татар этномәдени бірлестігінің төрағасы Галия Гизатуллина жас дарындарға және мерекеге келген көрермендерге алғысын білдірді. Татар этномәдени бірлестігінің әр түрлі жастағы балалары концерт қойып, тамаша өнер көрсетті.